Создать сайт на a5.ru
Более 400 шаблонов
Простой редактор
Приступить к созданию

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана-2018

 

 

 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 15 маусымдағы № 7 хаттама).

 

2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 372 б.

 

Жинаққа 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және жалпы орта бiлiм беретiн мектептерінiң

1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясы, 2018

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті ұстаздар!

2018-2019 оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Еліміздің барлық мектептерінде 1-қыркүйекте Білім күні аталып өтіледі. Дәстүр бойынша Білім күні тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарындағы жақсы бастамалар мен дәстүрлердің жалғасы болып табылады.

Оңтайлы білім беру жүйесі еліміздің және қазақстандық қоғамның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.

Білім беру саласының қазіргі кезеңдегі стратегиясы – тез өзгеретін шынайы жағдайларға үнемі бейімдеуге болатын икемді тактикалық іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу.

Президент Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Бұл жағдайда білім беру сапасын арттыруға, білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше назар аударылуы қажет.

Жаңа жағдайда білім беру жүйесінен, оның сапалы және өмір бойына үздіксіз болуы талап етіледі. Сондықтан қазақстанның білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру, оқыту сапасын арттыру, сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын тұрғысынан ойлауды және басқаларын дамыту міндеті қойылған. Тіл саясатында басымдылық мемлекеттік тілді дамытуға берілуі қажет.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы елімізде адами капиталды дамытуда сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды міндет етіп қояды.

Жаңа оқу жылында мектептерді жаңартылған білім беру бағдарламасына көшіру жалғастырылады, 2018-2019 оқу жылынан бастап 3,6,8 сыныптарда енгізілетін болады. Еліміздің 30 пилоттық мектептерінің 4,9,10 сыныптарында жаңартылған оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК сынақтан өткізу жүргізіледі.

Білім және ғылым министрлігімен педагог мамандығының мәртебесін көтеру бағытындағы мақсатты жұмыстар жалғастырылуда. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуді қамтамасыз ету мақсатында және озық білім ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленген.

Еліміздің білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттер, сонымен қатар олардың жұмыстарындағы жаңа 2018-2019 оқу жылындағы ерекшеліктер «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хатында көрсетілген.

Жинақ білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасындағы

өзгерістерді қамтиды. 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін мектептердің 1-11 сыныптарындағы білім беру процесін ұйымдастыру құжаттары және қажетті материалдар енгізілген, білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар және еліміздің білім беру ұйымдарының жұмыс ерекшеліктері көрсетілген.

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.

  1. оқу жылы еліміздің педагогтерінің алдына жаңа міндеттер қояды.

Еліміздің барлық педагогтеріне табысты оқу жылын, шығармашылық жетістік және жеңістер, барлық еліміз үшін аса маңызды ұстаздық кәсіпте жеміс тілеймін!

 

 

ҚР Білім және ғылымВице-министрі А. Қ. Аймағамбетов

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.

76-қадам: 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасына қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам: Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.

89-қадам: «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына«Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

 

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2018-2019 оқу жылында 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8- сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 4, 9, 10-11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламаларымен білім алады.

 

2018-2019 жаңа оқу жылында білім беру процесінің нормативтік- құқықтық қамтамасыз етілуі:

1)мектепалды даярлық сыныптарында және 1-3-сыныптарда білім беру процесі:

  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МДТО МЖМС);
  • ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына1-қосымша);
  • ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС-2015);
  • ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен

бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады;

 

 

 

 

2)4, 9, 10-11-сыныптарда білім беру процесі:

  • ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМС-2012);
  • ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 485 қаулысымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС - 2012);
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы № 471 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстары мен факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
  • «ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады;

3)5- 8-сыныптарда білім беру процесі:

  • ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР ОБМЖМС-2016);
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқубағдарламалары;
  • «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады;
  • «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 Қаулысы;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы;

 

  • «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 615 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 308 бұйрығы;
  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 бұйрығы;
  • «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 651 бұйрығы;
  • «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 662 бұйрығы;
  • «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын әдіснамалық қамтамасыз етуді үйлестіру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 бұйрығы;
  • «Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы;
  • «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 632 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы

16 шілдедегі № 350 бұйрығы;

  • «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы

№ 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығы;

  • «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 16 шілдедегі № 351 бұйрығы;
  • «2018 жылы педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі – Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 200 бұйрығы;
  • «Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық ісшаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 226 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 тамыздағы № 394 бұйрығы;
  • «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 213 бұйрығы;
  • «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 231 бұйрығы;

  • «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығы;
  • «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы.
  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламалары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына (www.nao.kz) орналастырылған.

Мектеп әкімшілігінде МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының қағазға шығарылған бір нұсқасы болғаны жөн.

Педагогтердің МЖМБС және үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқаларымен жұмыс істеулеріне болады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:

  • «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (Әдістемелік-нұсқау хат, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);
  • «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың

тұжырымдамалық тәсілдері);

  • «Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық

семинарлар және т.б.);

  • «Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру – 12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);
  • «Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қою мүмкіндігі).

Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беретін ұйымдардың басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.

Жаңартылған білім мазмұнына көшетін мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Жүйелі-әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі. Аталған кешенді НЗМ сайтынан (smk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру)табуға болады.

 

Барлық сыныптық, сыныптан тыс жұмыстардың (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі 1-сыныпта – 24 с., 2-сыныпта – 25 с., 3-сыныпта –29 с., 4-сыныпта –29 с.,5-сыныпта –32 с., 6-сыныпта – 33 с., 7-сыныпта – 34 с., 8-сыныпта – 36 с., 9-сыныпта – 38 с., 10-сыныпта – 39 с., 11-сыныпта – 39 с. аспауы тиіс.

Білім беретін ұйымдар ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесінің келісімімен күнделікті өткізілетін сабақтар санын белгілейді.

 

Назар аударыңыздар!

2018-2019 оқу жылының ұзақтығы: мектепалды сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-11(12)сыныптарда – 34 апта.

«Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығымен 2018-2019 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді:

1)1-11(12)-сыныптарда: күзгі каникул –7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);

2)мектепалды сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

3)мектепалды және 1-сыныптарда: қосымша каникулдар: 7 күн (2019 жылғы 4 - 10 ақпанды қоса алғанда).

Сабақтардың өткізу мерзімі мереке күндерімен сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/тұтастырып, мерекелік күндерге дейін немесе мерекеден кейін аздаған сағат санымен оқыту қажет.

Бұл ретте жеңіл мақсаттарды қарастырып, жазба жұмыстарын жоспарламаған жөн. Қайталауға берілген сағаттар есебінен, оқу бағдарламаларының кіріктіруін ескере отырып, сабақтарды келесі күнге ауыстыруға болады.

Назар аударыңыздар!

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім ұйымы қызмет көрсететін аймақта тұратын барлық балаларға қолжетімді болуды қамтамасыз ете отырып, 7 жастағы және ағымдағы

жылы алты жасқа толатын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін, төмендегідей құжаттар қажет:

  1. баланың ата-анасы немесе басқа да заң өкілдерінің өтініші;
  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 026/у-3); 4) 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосурет.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың құжаттары ата-аналарынан немесе басқа да заң өкілдерінен ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттар сұралмайды.

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысы.

Мектептердің бескүндік оқу аптасына көшуі

Парламенттің алтыншы шақырылымының 2016 жылғы 25 наурыздағы бірінші сессиясының ашылуындағы Президенттің тапсырмасына сәйкес, 1-ден 11-ге дейінгі барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына еркін түрде көше алады. Өз сөзінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Біз ЭЫДҰ-мен интеграцияланудамыз, бұл ретте біз дәйекті болуға тиіспіз. Барлық дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан. Балаға қалпына келуге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір елдерде тіпті төрт күндік оқыту аптасы да бар. Мұндай форматқа көшу – бүгінде дамыған елдердің жалпыәлемдік үрдісі (тренді). Ғалымдар қазірдің өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелілігін арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі бұл үдерісті тым болмаса бастауыш мектептерден бастауы керек», - деп атап өтті.

Бескүндік оқу аптасына көшу жұмысы жаңартылған білім мазмұнына көшумен қатар жүргізіледі және меншік нысанына (мемлекеттік/жеке), қандай ҮОЖ нұсқасын ж.т.б. таңдағанына қарамастан барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылында республиканың 7054 мектебінен 6708 мектеп сабақтың ұзақтығы

40 минуттық бескүндік оқытуға көшкен, бұл 95%-ды құрайды (1-кесте).

. 1-кестеБескүндік оқытуға көшкен мектептер саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыс, қала

 

 

Барлық мектептер саны

 

 

 

Оның ішінде

Оның ішінде бескүндік оқытуға көшкен мектептер саны

Бастауыш мектеп

 

 

Негізгі мектеп

 

 

Орта мектеп

 

 

Бастауыш мектеп

 

 

 

Негізгі мектеп

 

 

 

Орта мектеп

 

 

1

Ақмола

565

68

154

343

59

150

343

2

Ақтөбе

410

34

82

294

33

81

236

3

Алматы

758

66

60

632

65

60

597

4

Атырау

193

12

7

174

12

7

171

5

Шығыс Қазақстан

657

51

116

490

50

115

482

6

Жамбыл

450

61

34

355

61

34

322

7

Батыс Қазақстан

381

70

70

241

70

70

235

8

Қарағанды

515

49

90

376

49

80

312

9

Қостанай

514

89

114

311

89

114

311

10

Қызылорда

293

8

26

259

8

26

242

11

Маңғыстау

134

8

4

122

8

4

122

12

Павлодар

371

27

68

276

27

68

276

13

Солтүстік Қазақстан

497

67

108

322

67

108

313

14

Оңтүстік Қазақстан

1029

100

77

852

97

75

786

15

Астана қаласы

84

2

0

82

2

0

69

16

Алматы қаласы

203

-

3

200

-

3

(1-7 сын)

112 (1-7 сын),

87 (1-4 сын)

 

Барлығы

7054

712

1013

5329

697

995

5016

 

Назар аударыңыздар!

2018-2019 оқу жылы әр мектептің әкімшілігі

мектептің материалдық-техникалық жабдықталуын (спорт залдар, аудиториялық қор, білім алушылар контингенті, кадрлармен қамтамасыз ету) т.б ескере отырып, жеке пәндерді оқытуда сыныптарды топтарға бөлу туралы дербес шешім қабылдайды.

Сыныптарды топтарға бөлу педагогикалық кеңестің шешімімен, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары бекіткен жұмыстың оқу жоспарымен іске асырылады.

1-3-сыныптарда қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндер бойынша топтарға бөлінеді:

  • оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;
  • оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;
  • шетел тілі;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • өзін-өзі тану.

Негізгі орта мектеп бойынша білім алатын сыныптарда топтарға бөлу төмендегі пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылады:

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті;

оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті;

шетел тілі;

информатика;

дене шынықтыру;

көркем еңбек .

2013 жылғы оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын білім алушылар қалалық мектептерде толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқан жағдайда, төмендегі пәндерді оқыту барысында топтарға бөлінеді:

- оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

- оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ әдебиеті;

- қазақ/ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде оқытылатын сыныптардағы орыс тілі;

шетел тілі;

информатика;

- бейіндік пәндер;

технология;

дене шынықтыру.

МЖМБС жаңа редакциясында және Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларында «Ағылшын тілі» оқу пәнінің орнына «Шетел тілі» пәні енгізіледі. Білім беру ұйымдарының: «Ағылшын тілін», «Неміс тілін», «Француз тілін» таңдау құқығы бар.

üНеміс және француз тілдерінің үлгілік оқу бағдарламалары «2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілді.

Шетел тілін оқыту білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде оқытуды бірлік, үздіксіздік және сабақтастықпен қамтамасыз ететін CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» - «Шетел тілдерін меңгеру деңгейінің жалпы еуропалық құзыреттілігі: үйрену, оқыту, баға») тілдерді меңгеру деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстандағы үш тілді білім беру моделі CEFR аналогі болып табылмайды, бірақ көрсетілген құжатты негізге ала отырып оның идеясы мен негізгі ережелерін ұлттық білім беру жүйесінің нақты бір жағдайына бейімдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

Назар аударыңыздар!

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдамалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.

Үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады.

Үй тапсырмасын орындауда: 2-сыныпта - 50 минуттан, 3-4-сыныптарда -

70 минуттан, 5-6-сыныптарда - 90 минуттан, 7-9-сыныптарда - 110 минуттан, 10-11-сыныптарда - 130 минуттан аспауы тиіс.

Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.

 

Үй тапсырмасын:

  1. Мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы, жобалық жұмыстар және математикалық мектептерде есептерді шешу үшін көркем, қосымша әдебиеттерден басқа);
  2. бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
  3. бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақыт ішінде оқылатын тапсырмалар берілуі мүмкін) бермеу ұсынылады.

Бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіріп беру ұсынылады.

Білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе («біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «бағалайды» және «жинақтайды»), үй тапсырмасын орындаудың қажеттілігі болмайды.

Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагог қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстардың кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарына жазып, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.

Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:

  1. білім алушыларға үй тапсырмасын сабақ үстінде, қоңырауға дейін хабардар ету;
  2. үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау беру;
  3. көлемі аз тапсырмалар (орындалуы міндетті) және көлемі көп тапсырмаларды (орындалуы ерікті түрде) үйлестіріп беру;
  4. сабақта үй жұмысы бойынша қателермен жұмыс жүргізу ұсынылады.

 

Назар аударыңыздар!

«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ЖЖЕ) сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының

жеке бетіне жазылады.

1-4-сыныптар – әр сыныпта 6 сағаттан;

5-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.

1-8-сыныптарға арналған сабақтың үлгі ретінде алынған тақырыптары 2017-2018 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хатта берілген.

ЖЖЕ оқу курсы бойынша сыныптың қағаз түріндегі журналының соңғы беттеріне жазылады. Сондай-ақ сыныптың электрондық журналында толтыру үшін қосымша беті бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) қызметінің үлгілік қағидаларының 19 т. сәйкес, білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкiлдерінiң мүдделерiн ескере отырып және жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісу бойынша білім беру ұйымдарында инклюзивті сыныптар (бір сыныпта ерекше білім беру қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс) және (немесе) бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

Инклюзивті сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы бойынша жалпы білім беретін оқу немесе жеке бағдарламалар бойынша білім ала алады.

Мемлекет инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асыру барысыда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алуы, бұзушылықтарды түзету және бейімделуі үшін арнайы жағдай құруды қамтамасыз етеді.

Балаларға деген толеранттылықты тәрбиелеу мақсатында білім алушыларға инклюзия режимінде жылына бір рет әр сыныптардың паралелінде инклюзивті білім беруді түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылады.

Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша жүзеге асыра алады.

ҚБТ білім берудің барлық деңгейінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде мүгедек-балаларға, I және II топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедек тұлғаларға қатысты.

ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларымен жүргізіледі.

  • алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқу пәндерін өз бетінше оқитын, экстернат - оқыту түрі қолданылуы мүмкін.
  • түріндегі оқыту негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар мамандырылған және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.

 

Назар аударыңыздар!

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында: футбол және басқа да спорттық ойындар бойынша жарыстардың, мектепішілік спартакиадалардың, республикалық және халықаралық сайыстар сияқты спорттық іс-шаралардың қорытындысын білім алушылардың мектептеріндегі спорттық жетістіктері ілінетін стендте хабардар етіп отыру ұсынылады.

2018-2019 оқу жылында «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ӨҚН) міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Осыған байланысты «ӨҚН» курсын оқыту:

1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;

5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында;

–10-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.

Бұл ретте «ӨҚН» курсы бойынша өткізілген тақырыптар, мектеп журналына міндетті түрде жазылуы тиіс.

Құрамына барлық мүдделі министрліктер (ҚР ІІМ, ҚР ДМ, ХҚК және т.б.) кіретін жұмыс тобы «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту жұмыстарын жүргізуде.

2018-2019 оқу жылында «ӨҚН» курсы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда.

Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерімен байланыстыру қарастырылады, бұл білім беру курсының оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «ӨҚН» курсы 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жаңа пәнінің аясында оқытылады.

 

Назар аударыңыздар!

2018-2019 оқу жылында 4 және 9, 10-сыныптарға арналған білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларының, оқулықтардың

және ОӘК апробациясы 30 пилоттық мектептерде жүзеге асырылады.

 

 

Назар аударыңыздар!

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және бастауыш білім беру ұйымдарында ата-аналар өткізетін мерекелік іс-шараларды

өткізу кезінде, соның ішінде балалардың туған күндерін қоса алғанда, тек сол білім беру ұйымдарының қызметкерлері, балалардың ата-аналары шақырылады. Мерекелік іс-шараларды білім алушылардың қатысуымен және тек сол ұйымның әлеуетін пайдалана отырып өткізу ұсынылады.

Аниматорларды шақыру ұсынылмайды. Сыйлықтарды сатып алуға ақша жинауға болмайды.

 

 

Назар аударыңыздар!

Жаңа оқу жылында республиканың барлық жалпы білім беру мектептеріне

«Бір-бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасын енгізу қарастырылып жатыр.

  • профилактикалық бағдарлама 2016-2017 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептерінде апробациядан өткізілді және сараптама нәтижесі бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесінде қолдануға ұсынылады.

Профилактикалық бағдарлама ата-аналармен жұмыс істеуге арналған және сынып жетекшісі бір тоқсанда 1 рет өткізетін үш кездесуден тұрады.

Ата-аналарға арналған сабақтар, білім алушылардың үлгерімі немесе басқа да мәселелер қарастырылатын, жоспарланған ата-аналар жиналыстарымен бір уақытта өткізілмеуі тиіс.

Сынып жетекшілеріне көмек ретінде төмендегідей әдістемелік материалдар әзірленді:

– «Ата-аналармен жұмыс жүргізу бағдарламасы»;

– «Ата-аналарға арналған кітапша».

Сынып жетекшілеріне көмек ретінде «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды әдеттерден аулақ жүрейік» профилактикалық бағдарламасы ҚР БҒМ сайтына орналастырылады.

 

Назар аударыңыздар!

«Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м. а. 2018 жылғы 9 тамыздағы № 394 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 24 мамыр №226 бұйрығымен бекітілді.

Назар аударыңыздар!

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес педагог мәртебесін арттыру мақсатында мектеп мұғалімдері

аттестациясының жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді

.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633

Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық жоспарының іс-шарасымен педагогтерге арналған ұлттық біліктілік тестін әзірлеу және оны өткізу бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі екі кезең бойынша жүзеге асады.

Бірінші кезең - Ұлттық біліктілік тестілеуі. Бұл рәсім білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын педагог қызметкерлері кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған.

  • берілетін тест сұрақтарының 70-і өз пәндері бойынша және 30-ы педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша ұсынылады.

Екінші кезең – қызметтің қорытындыларын кешенді аналитикалық қорытындылау – келесі көрсеткіштер негізінде педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыретін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу: білім алушылардың білім сапасы, іскерлігі мен дағдылары, жетістіктері, сабақ беру сапасы және аттестаттау кезеңіндегі кәсіби жетістіктері.

Аттестациядан өткен мұғалімдерге жаңа жүйе бойынша біліктілігіне қосымша үстемақы белгіленді:

30% - «педагог-модератор»;

35 % - «педагог-сарапшы»; 40% - «педагог-зерттеуші»; 50% - «педагог-шебер».

Жаңа жүйе бойынша өтетін аттестацияны мезгілінен бұрын тек өздерінің жалақысын көбейткісі келетіндігін білдірген пән-мұғалімдерінің қалауы бойынша өткізіледі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 51 бабына сәйкес, педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар аттестацияны 5 жылда 1 рет және мезгілінен бұрын қалауы бойынша өтеді.

Бұл ретте 2018 жылы кезекті аттестациядан өтетін мұғалімдер (жаңа санатқа ие болу және қазіргі санатын растау), 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін іске қосылған форма бойынша аттестациядан өтті. 2018 жылы берілген және расталған біліктілік категориялары 5 жылдың ішінде күшін жоғалтпайды.

Мұғалімдердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі тестілеуден өткен және аталған категорияны растаған мұғалімдер жалақысына 30-50 пайызға дейін қосымша ақы алуға мүмкіндік береді.

Аттестацияның жаңа жүйесі тек жоғарыда аталған категорияларды ғана қарастырады. Аттестацияның жаңа жүйесінің ережелеріне сәйкес:

  1. Дипломында екі пән бойынша мамандығы бар мұғалімдер, мысалы, «химия және биология мұғалімі», «тарих және география мұғалімі», «математика және информатика мұғалімі», бір мезгілде екі пән бойынша аттестациядан өте алады, аттестацияның оң нәтижелерінің қорытындыларына сәйкес, олар бірден екі пән бойынша қосымша ақы алады.
  2. Егер екі пән бойынша дипломы бар мұғалімтек бір ғана пәнді жүргізетін болса, ол өзі жүргізетін бір пән бойынша ғана аттестациядан өту құқығына ие; аттестацияның оң нәтижелерінің қорытындыларына сәйкес, тек бір пән бойынша ғана қосымша ақы алады.

 

 

 

 

 

Назар аударыңыздар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және «Орта білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жүргізуі үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей құжаттарды жүргізу белгіленді:

  • сынып журналы;
  • тақырыптық-күнтізбелік жоспар;
  • күнделікті жоспарлар (қысқамерзімді жоспар);
  • қритериалды бағалау бойынша құжаттар (қалыптастырушы және жиынтық бағалау);
  • білім алушылардың күнделігі.

Оқу жылының ішінде барлығы білім алушылардың білім сапасына назар аударуға тиіс және сынып жетекшілеріне, мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орындарына түсудің механизмі ретіндегі, ҰБТ (бұдан әрі – ҰБТ) бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Мектеп бітіруші түлектер атааналарымен бірге оқуға түсуге қалай дайындалатынын, құжаттарын қашан тапсыратынын өздері анықтайды.

Орта білім беру ұйымдары ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындау үшін байқау түрінде өткізілетін тестілеу жұмыстарын жүргізуге қатыспайды, ал мұғалімдер мектеп бітіруші түлектермен бірге ҰБТ тапсыратын орындарында болудан және ҰБТ базасын толтырудан босатылады. Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығының 2.2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылғандардан басқа, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне қатыстыруға болмайды.

  • кезде ҰБТ және КТ өткізу ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілуде.

 

Оқу жүктемесін төмендету

Оқу жүктемесін төмендету мақсатында орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген.

Үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыттың көлемі шамамен екі есеге қысқартылды.

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы» Жарғысына сәйкес орта білім беруде оқу жүктемесінің төмендетілуіне байланысты шаралар қабылданды.

  • орай барлық сыныптарда жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі –ҮОЖ) әзірленді. ҮОЖ жобалары еліміздің барлық аймақтарының педагогикалық қоғамдастығымен талқыланып, келісілді.

Бастауыш мектепте жүктеменің төмендетілуі: 1, 2-сыныптарда – аптасына 2 сағат, 3, 4-сыныптарда –3 сағатты құрайды.

Негізгі мектепте 5-7–сыныптарда жүктеме 3 сағатқа, 8-9-сыныптарда 4 сағатқа қысқартылды. Инварианттық жүктеме барынша қысқартылып, білім алушыларға тереңдетіп оқу үшін пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі.

Білім беру ұйымдарына жүктемесі төмендетілген ҮОЖ таңдаған кезде тереңдетіп оқыту үшін инвариантты компоненттен қосымша пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі. Осылайша, бірқатар оқу пәндерінің сағаттары қысқартылмайды.

1-11-сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнінің вариативке түсірілген 3 сағатының 1 сағаты міндетті түрде спорт ойындарын өткізуге арналады.

Бастауыш мектептің жүктемесі дамыту түріндегі жеке және топтық сабақтарды алып тастауға байланысты азайтылды, өйткені бастауыш сыныптарда, ең алдымен, бағдарламаның негізгі материалын меңгерту маңызды болып табылады.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша «Жаратылыстану» пәні бастауыш мектеп курсына енгізілген. Бұдан бөлек, егер бұрын бұл пән тек 5-сыныпта оқытылса, енді 1-ден 6-сыныпқа дейін оқытылады.

Жүктемесін төмендетуге болатын пәндерді анықтауда, ең алдымен, коммуникативтік оқытуға бағдарланған екінші тілді оқытудың жаңа әдістемесі ескерілді. Бұл білім алушылардың тілдік теорияны жаттау емес, екінші тілде қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру дағдыларына ие болады дегенді білдіреді.

Осыған байланысты, білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеуде коммуникативтілікке бағдарлану грамматикалық материалдарды айтарлықтай қысқартуға жол ашты.

  • уақытта 5-9-сыныптарда бейіналды даярлық жүргізілмейді, қабілеті әртүрлі балаларға арналған бір Үлгілік оқу жоспары әзірленді. Сондықтан 7-9-сыныптарда ҮОЖ әзірлеу барысында инварианттық компонентте жаратылыстану циклі пәнін меңгеруге бөлінген сағаттар саны қысқарды. Алайда, 7-9-сыныптардың ҮОЖ вариативті компонентіне инвариантты компоненттен таңдау бойынша пәндер енгізілді, әрқайсына 2 сағаттан. Барлығы – 6 сағат.

Осылайша, білім алушының инвариантты компоненттің тізімінен қосымша 3 пәнді таңдап алуына мүмкіндігі бар. Егер білім алушы, мысалы, физика, химия, биология пәндерін таңдайтын болса, бұл 2 сағат инвариантты компоненттің 1 сағатына қосылады. Осылайша, білім алушы бұл пәндерді 3 сағат көлемінде, яғни қолданыстағы ҮОЖ-мен салыстырғанда көп көлемде оқиды.

Білім алушының тереңдетіп оқуы үшін тілдік цикл пәндерін де таңдап алуға мүмкіндігі бар. Мысалы, егер білім алушы мемлекеттік тілді, Мемлекеттік білім беру стандарты қамтамасыз ететін деңгейден де жоғары деңгейде білгісі келсе, Мемлекеттік стандартта әр пән бойынша инвариантты компоненттердің сағаттарына сәйкес минимум көрсетілетіндіктен, ол қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдай алады.

Қазақстан тарихы бойынша сағаттарға қатысты мәселелер. Қазақстан тарихынан әңгімелер бұрын 5-сыныпта оқытылатын болса, енді білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектептің «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасына кіріктіріліп, 5-сыныптан бастап Қазақстан тарихы – ежелгі Қазақстан тарихы, 6-сыныпта – орта ғасыр тарихы, 7-сыныпта – жаңа заман, 8, 9-сыныптарда - қазіргі заман тарихы жүйелі оқытыла бастайды.

Қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша қазіргі заман 9-сыныпта оқытылады және оған 2 сағат бөлінеді. Сондықтан, жалпы Қазақстан тарихының сағаттары қысқартылған жоқ.

 

 

Назар аударыңыздар!

Жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарына арналған ҮОЖ инвариантты компоненттерді таңдау бойынша ескерту көрсетілген, мұнда бейіндік оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинациясы) ұсынылады.

Бейіндік оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинациясы) ҰБТ шеңберіндегі пәндерді таңдауға бағдарланған.

10, 11-сыныптарда ең жоғары жүктеме 39 сағаттан 35 сағатқа дейін төмендетілді.

Жаратылыстану-математика бағытындағы10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары 4-тен 3-ке дейін (бағдарламадан жоғары математиканың элементтерін шығарып тастау керек), қазақ тілі мен әдебиеті 5-тен 3-ке дейін (негізгі мектеп курсында білім алушылар қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларына ие болуы тиіс), ағылшын тілінен 3-тен 2 сағатқа дейін (ағылшын тілінде оқытылатын пәндер қосылады), Қазақстан тарихы 2-ден 1 сағатқа дейін азайту жоспарлануда.

Қазақстан тарихы курсында «Өркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер», «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы», «Мәдениет, білім және ғылымның дамуы» бөлімдері оқытылады. Мұнда негізгі мектепте оқытылған материалдар жинақтап қорытылады, сондықтан бір сағат жеткілікті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары 3-тен 2-ге дейін, информатика 2-ден 1 сағатқа дейін, әдебиеттен 3-тен 2сағатқа дейін, қазақ тілі мен әдебиетінен 5-тен 3 сағатқа дейін азайтылуда.

Сонымен қатар 10-11-сынып білім алушыларына пәндерді таңдау ұсынылады: 2 пәнді үш сағат оқыту, бір пәнді 2 сағат оқыту.

Гимназия/лицейлердің де жүктемесі өзгертілді. Бастауыш сыныптарда гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа қысқарту ұсынылады. Бірінші сыныптың жүктемесі 26,5 сағатты құрайды (32,5 болған), екінші сыныпта – 28 (33,5), 3-4-сыныптарда – 30 сағаттан (37,5 болған) тұрады.

 

Назар аударыңыздар!

  1. оқу жылында оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарларымен білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру мектептердің таңдауы бойынша жүзеге асырылады. оқу

жылында оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарларына жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілетін жеке білім беру ұйымдары мен мектептер көшеді.

Сонымен қатар, еліміздің барлық білім беру ұйымдары, соның ішінде гимназиялар/лицейлер де ҮОЖ-ны таңдауға құқылы. ҮОЖ педагогикалық ұжымның, білім алушылардың, ата-аналар комитетінің, Қамқоршылық кеңестің пікірлерін ескере отырып таңдалады.

 

Назар аударыңыздар!

Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық

қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен айқындалады.

  1. жылғы 1 қыркүйегінен бастап жалпы орта және негізгі орта білім беретін ұйымдардың физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдерге базалық лауазымдық жалақының 200% мөлшерінде, яғни шамамен 35 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер енгізілді. Мұғалім ағылшын тілінің қажетті деңгейін меңгеруі тиіс.
  2. жылдың 1 қаңтарынан бастап оқу материалының жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақысы (30 пайызға) көтерілді.

 

Назар аударыңыздар!

Үйде оқытылатын білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарлары әзірленді. Сонымен қатар, кешкі мектептер үшін (күндізгі оқу түрі – 7-11 сыныптар, кешкі оқу түрі – 9-11-сыныптар, кешкі оқу түрі бойынша жеке оқыту – 1-6-сыныптар) Үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламалары мен білім беру ұйымдарынан тыс уақытша оқып жүрген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарларын әзірленді.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жеке оқыту үшін қосымша Үлгілік оқу жоспары әзірленді.

 

Назар аударыңыз!

Кешкі мектептерге, үйде оқытылатын және білім беру ұйымдарынан тыс уақытша білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарлары Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім

академиясының сайтына орналастырылған.

 

 

Назар аударыңыздар!

Педагогтердің «Bilimal» ақпараттық-аналитикалық порталына қанша рет кіргені және ЦБР қолдану, сондай-ақ әртүрлі порталдардағы ресурстарды пайдалануына рейтинг жүргізуге

болмайды.

Сонымен қатар Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша жалпы білім беретін мектептердің рейтингін өткізуге рұқсат етілмейді.

 

 

Назар аударыңыздар!

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру ұйымдары басшыларының бұйрығымен бір оқу жылына сайланады және бекітіледі.

Педагогикалық кеңес:

  1. оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;
  2. жұмыс оқу жоспарларын бекіту;
  3. білім беру қызметтерінің сапасы;
  4. инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімдері мен психология-

педагогикалық ерекшеліктері туралы мәліметтер негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;

  1. білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу, оларды емтихандарға жіберу, білім алушыларды ұсынылған құжаттар негізінде емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа көшіру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мадақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік аяқтағаны, негізгі орта білімді аяқтағаны, жалпы орта білім беруді үздік аяқтағаны, жалпы орта білім беру жөнінде аттестаттар, белгіленген үлгідегі анықтамалар беру туралы шешім қабылдау;
  2. оқу жүктемелерін бөлу, педагогтерді аттестаттауға, марапаттауға және көтермелеуге дайындау;
  3. білім беруді ұйымдастыруды үш тілде оқытуға көшіру;
  4. экстернаттық оқыту түрінде білім алушыларды аралық және

қорытынды аттестаттауға жіберу, өткізу;

  1. зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысатын білім алушыларға арнап жеке жұмыстар ұйымдастыру; 10) сабақ кестелерін құрастыру;
  1. білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және шығару;
  2. білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) эмоционалдық-еркін және тұлғалық дамуын зерттеу сияқты мәселелерді қарастырады.

Қазіргі таңда педагогикалық кеңестерге жүктемесі төмендетілген ҮОЖ таңдауда, топтарға бөлу мәселелері, жоғары сыныптарда физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту және білім беру ұйымдары қызметінің басқа да мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін академиялық еркіндік беріледі.

 

2018-2019 жаңа оқу жылында бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша формада және олардың аралас түрінде жүзеге асырылады.

Бақылау формасын таңдау меңгеруге бөлінген оқу пәні, оқу сағатының саны, оқыту кезеңі және жоспарланған оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілетіне байланысты.

Бақылау тексерістері білім беру ұйымының басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы сабақтарда өткізу ұсынылмайды.

Білім мазмұнына жаңартулар енгізуді ескере отырып, оқу процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін ұйымдардың әкімшілігіне төмендегідей нормативтер ұсынылады.

 

2-кесте – Мектепішілік бақылау нормативтері

 

Бақылау нысандары

Норма

1

Сабақтар мен сыныптан тыс іс - шараларына қатысу және талдау

айына 8-10 сабақ (директор орынбасары),

айына 2-3 сабақ (директор орынбасарлары)

2

Сынып журналдарын тексеру

тоқсанда 1-2 рет

3

Білім алушылардың

күнделіктерін(болған жағдайда) тексеру

тоқсанда 1 рет

 

4

Пән бойынша оқу

бағдарламаларын тексеру

тоқсанда 1 рет, жылына 4 рет

5

Білім алушылардың жеке іс қағаздарын тексеру

жылына 2 рет (сынып жетекшілері үшін)

6

Пән бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларын тексеру

жылына 2 рет

 

Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

 

2018-2019 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8сыныптарда жүзеге асырылады.

Критериалды бағалау жүйесі формативті бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.

Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады.

Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.

Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.

Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдынала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген.

Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.

Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.

Бағалау жүйесі мұғалім мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты қолдауды және ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.

Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға, балаларына берілгендей, өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік беріледі.

Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.

Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:

- «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы

18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 14 маусымдағы № 272 бұйрығы;

  • «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;
  • жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
  • бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық;
  • негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;
  • сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде формативті бағалауға

арналған тапсырмалар жинағы;

  • сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;
  • сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсынымдама.

Әдістемелік құралдарды nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.

Мұғалімнің бағалау қызметі – бағалау критерийлерін іріктеу, әзірлеу және қолдану, бақылау мен бағалау тәсілдері.

Білім алушының бағалау қызметі үшін:

  • үнемі әртүрлі бағалау түрлерін қолдану (өзін-өзі бағалау, өзара бағалау);
  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өз бетінше дайындау және таңдап алу;
  • бақылау әдістері мен түрлерін әзірлеу және іріктеп алу; –кері байланысты үнемі қамтамасыз ету қажет.

Мұғалім:

  1. бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
  2. бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
  3. бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе

«НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;

  1. білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
  2. үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлеуі;
  3. сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі;
  4. жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша ата-аналар жиналыстары барысында кері байланыс немесе рубрикалар түрінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беруі қажет.

Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу тапсырмаларының шарттарын белгілеуде түзетілген жерлерді ескеруге болмайтынын білуі тиіс.

Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.

Ескерту! Сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес.

Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация өткізілмейді. Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жөн:

  1. Білім алушылар бағалау процесіне белсенді қатысады, соның ішінде, үнемі өзін-өзі бағалау жұмыстарын өткізеді.
  2. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;
  3. Білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады.
  4. тапсырмалардың әртүрлі формалары мен түрлері қолданылады және мінсіз орындаған тапсырмалардың нақты және айқын сипаттамалары әзірленеді;
  5. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болады;
  6. Өзін-өзі бағалау білім алушылардың тұлғасын дамытудың міндетті шарты ретіндегі білім алушылардың рефлексиясын да көрсетеді;
  7. Білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін БЖБ және ТЖБ оқу тапсырмаларына өтілген (меңгерілген) оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқыту критерийлері оқыту мақсаттарына сай болуы тиіс.

Оқыту мақсаттарының құрылымында білім алушылардың іс-әрекеттері көрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бөлу, тану, анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б.

Нәтижелерді бағалау критерийлері білім алушыларға дайындық деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге оқыту процесіне түзетулер енгізуге, жұмыс күрделілігінің деңгейін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

  1. Оқу жетістіктерін тексеру немесе өздігінен тексеруге арналған критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады.
  2. Сабақ барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін өздері бағалауын ұйымдастыруды ойластыру және оқу тапсырмаларын таңдау маңызды.
  3. Мұғалімге сабақта білім алушылардың өздерінің бағалауларын салыстыру үшін мүмкіндік беру, өз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия ұйымдастыру ұсынылады.

Өзін-өзі бағалаудың басты мақсаты - білім алушы өзін-өзі бақылайды, реттейді, оқу жетістіктерін өз бетінше сараптайды. Өзін-өзі бағалау:

  • білім алушының нақты бағалау критерийлерін қабылдауы немесе

бағалау критерийлерін бірлесіп әзірлеуі;

  • оқу тапсырмасымен танысуы;
  • критерийлер бойынша өзін-өзі болжамды бағалауы (орындай аламын ба?, барлығын орындай аламын ба?, тапсырманың жартысын орындаймын?);
  • рефлексивтік өзін-өзі бағалауы;
  • қателермен жұмыс жасау сияқты рәсімдерден тұрады.

Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауынан бұрын өткізілуі тиіс.

Өзін-өзі бағалау түрлері

Болжамды өзін-өзі бағалау оқу тапсырмасын орындау алдында жүзеге асырылады және оны жиынтық бағалауға дайындық кезінде өткізген тиімді. Білім алушы нені жақсы орындай алатынын, не қиындық тудыратынын, нені орындай алмайтынын анықтайды.

Оқу жетістіктерінің бағалау критерияларына сәйкес тиісті тапсырмалар таңдалады және жасалады. Білім алушылар критерийлермен БЖБ және ТЖБ басталғанға дейін танысуы керек. Бұл жағдайда, білім алушылар үнемі сол критерийлерге сүйенеді және жиынтық жұмысқа дайындық барысында өздерінің мүмкіндіктерін бағалайды.

Білім алушы қандай критерий бойынша өзін-өзі бағалауды төмендеткенін немесе жоғарылатқанын анықтайды, айырмашылық себептерін табуға тырысады, сондай-ақ қателерінің себептерін табады.

Болжамды бағалауды тапсырмаларды орындау алдында, жаңа материалды меңгеру кезеңінде де қолдануға болады.

Мазмұнды өзін-өзі бағалау жақсы сараланған, оқу қызметінің сапалы өзін-өзі талдауын, оның нәтижесін қамтамасыз етеді.

Басында мұғалім білім алушыларға оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлерін ұсынады.

Өзін-өзі бағалау тек оқу жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ жалпы білім беру дағдыларына да әсер етуі мүмкін. Бастауыш мектептің негізгі міндеттерінің бірі – білім алу мүмкіндігі – топта жұмыс істеу, ақпарат іздеу, сұрақтар қою, байқау, ынтымақтастық қабілетін қалыптастырусыз мүмкін емес.

Бастауыш мектептегі жалпы білім беру процесінде жалпы білім қабілеттерін қалыптастыру процесі бақыланатын болады.

Бірінші сыныпта білім алушыларға бағалау құралдарын қолдану, бағалау критерийлерін таңдау, олардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерімен байланыстыруды үйрету жеткілікті. Алдымен білім алушылар өзінің жұмысын өлшемдермен салыстыруға үйренеді. Өлшемдерге әріптер мен сандарды жазу үлгісі жатады. Бағалаудың сәйкес келмеуі рефлексияның мәні болып табылады.

Критериялар ретінде пәндік және жалпы оқуға икемділігі көрсетіледі.

Мысал ретінде, бастауыш мектепті бітіруші «Математика» пәнін оқу барысында төмендегідей пәндік жалпы оқуға икемділігіқалыптасуы тиіс: математикалық моделдеудің, мәтіндік (сюжеттік) тапсырмаларды шешу әдістері.

Математикалық модельдеу білім алушылардың нақты пәндік дағдыларды біртіндеп меңгеруін білдіреді: сызба, формулалар (теңдеу), сандық өрнек, тапсырманы кесте, сызбанұсқа ретінде көрсету, бір моделден екіншіге өтуді жүзеге асыра білу қабілеті. Сонымен қатар, бастауыш мектеп бітірушісі мәтіндік тапсырманы 1-2 әрекетте ғана шешіп қоймай, мәндердің берілген мәндері мен олардың арасындағы байланыс үшін, тапсырманы тұжырымдай білу (кем дегенде 1 әрекетте) керек.

«Жаратылыстану» пәнін оқыту барысында, мысалы, төмендегідей дағдылар қалыптасуы қажет:

  • нысандар арасына қарамастан байланыстар орнату, нысандардың өмір сүру және даму жағдайларын сипаттау;
  • жіктеу, нысандарды салыстыру, уақытты анықтау және кеңістікті сипаттау;
  • ғылым әдістерін қолдану, ең бастысы байқау әдістерін, өлшеуді жүргізе білу.

Оқу пәні мен оқыту мақсаттарының жүйесіне сәйкес оқу пәндері бойынша бағалау критерийлері әзірленуде.

Мұғалім білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағалау критерийлерін өзі таңдап, әзірлей алады.

1.Диагностикалық құралдар тек бақылауды, диагностиканы ғана емес, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеу функцияларын орындайтын тапсырмаларды қамтуы керек, яғни:

  • тапсырмалар білім алушыға белгілі бір жаңа ақпаратты бере алады, мәселен: «Мәтінді пайдаланып, Арал теңізінің түбі біртіндеп тұз шөліне айналатынын түсіндіріңіз? (4 сөйлемнен көп болмауы тиіс)»;
  • тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («көп» немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер».

2.Тапсырмалар әртүрлі факторлармен жүктелуі керек, олардың бірі пән бойынша оқытудың нақты нәтижесі болып табылады, ал екіншісі жалпы білім беру (әмбебап) дағдыларын игерудегі білім алушының жеке қасиеттерін көрсетеді. Мәселен, «Мәтіннің үшінші абзацындағы түбірінде дауысты дыбысы бар үш сөзді жаз, оларға сәйкес келетін сөздерді таңдаңыз».

Сыныптағы балалардың дайындық дәрежесі, олардың оқуға қабілеттілігіне байланысты, мұғалім белгілі бір уақыт аралығында аралық нәтижелерге қол жеткізе алады.

Бұл ретте жетістіктерді бағалау үшін қажетті (негізгі) нәтижені барлық сынып білім алушылары көрсете алатындай критерийлерді таңдау қажет. Басқа критерийлер барлық белгілі бір мерзімге қосымша ретінде қабылданады. Көптеген білім алушыларды қосымша критерийлермен бағалауға болады, бірақ барлық 100% білім алушылардың әрі қарай оқуда табысқа жетуі үшін негізгі базалық критерийлерге сәйкес нәтижелерін ғана көрсету жеткілікті.

Бірінші сыныптағы бағалау қызметін ұйымдастыру әдістерін қарастырамыз.

Бастапқыда үлгі критерий болады. Мұғалім әріптер элементінің дұрыс жазылуын көрсетеді, балаларды сөзбен қайталап айтуды және олардың оқу нәтижесін үлгіге (өлшемшартпен) сәйкес бағалауды сұрайды.

Білім алушының өздігінен бағалауынан кейін бағалауды мұғалім жүргізеді. Бағалаудың сәйкессіздігі рефлексияны тудырады: менің бағалауым неге мұғалімнің бағалауымен сәйкес келмеді? Мен әріптің қай элементін қате жаздым? Білім алушы өз қателігінің себебін табуға тырысады.

Әр жұмысты әртүрлі критерийлермен бағалауға болады, бірақ білім алушы алдымен бір критерийдің призмасы арқылы нәтижесін көруді, содан кейін бірнешеуін көруді үйренуі маңызды. Тапсырманы орындауға дайындық барысында мұғалім білім алушылардан: «Біз қандай дағдыларды, қандай ережені тексереміз?»,- деп сұрайды.Солай критерийлер қалыптасады.

Білім алушылар оқу тапсырмаларын бірнеше критерийдің призмасы арқылы көруге, бірнеше критериймен өзін бағалауды үйренеді.

Тапсырманы орындай отырып білім алушы іс-әрекетінің өзін-өзі бақылау және қалыптасқан критерийлер бойынша өзін сауатты бағалауды жүзеге асырады.

Диктант, шығарма, бақылау жұмысы, эссе жазуға дайындық кезінде білім алушылар тұжырымдалған критерийлерді басшылыққа алады. Критерийлерге негізделген нәтижелердің бағасы мұғалімнің объективті болуына, білім алушыға орындаған тапсырмалар деңгейін болжауға, қателердің себептерін анықтап, ескертуге мүмкіндік береді.

Мұғалім мен білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелеріне жақсы

баға бергені маңызды. Ал білім алушылардың қателерін әрі қарай жетістіктерге, білім беру мақсаттарына қол жеткізуге пайдалану қажет.

 

Критериалды бағалау құралдары

Мұғалімнің ауызша бағалауы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін көтермелеумен байланысты болуы керек. Баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет.

Негативті баға білім алушының ынтасына, жауапкершілігіне, табандылығына ғана қатысты болуы мүмкін. Мұғалімге классикалық сөздермен тоқтап қалмай, сөздік бағалау қорын толықтыру қажет. Бұл ретте білім алушының оқу жетістігіне қарап, эмоционалдық қатынасты, білім алушының табыстары бойынша қобалжуы-алаңдауын көрсетуі қажет. «Бүгін сенде кешегіге қарағанда, өте жақсы шықты», «сенің бұл алгоритмді түсінгеніңе қуаныштымын», «Сенің пікірің қызықты» (болжам, жорамал), «Қандай керемет идея, оқулық авторы бұл туралы ойлаған да емес»,«Есептеу өте қиын болды, бірақ сен алғашқы екі іс-әрекеттерді орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі жолы барлығын өзің жасай аласың», «Сен өте тырыстың және сенде барлығы міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер».

Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін:

  • білім алушыны бірден мақтаңыз, тіпті болмашы нәтижеге қол жеткізгеннен кейін де мақтаған жөн;
  • білім алушынының жеке қасиеттерін емес, оның оқу жетістіктерін мақтаңыз;
  • оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді, сізге оның жетістігі жағымды екенін айтыңыз.

Баланы шын мәнінде не үшін мақтауға болатынын атап өту маңызды, содан кейін жаңа міндет қоюға болады.

Мұғалім білім алушының кемшіліктерін оң мақсаттарға қайта пайымдауды үйренуі керек.

Білім алушы коррекциялық міндетті өзі құрастырғаны жақсы.

Мұғалім білім алушыларға өзара әрекеттестік-тің, конструктивті қарымқатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін көрсетуі керек.

Жазбаша кері байланыс, рубрика білім алушының белгілі бір кезеңдегі жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді.

Формативті бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарындағы жетістіктеріне мониторинг өткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан әрі тізіп қою, соның ішінде орындалған үй жұмысының қорытындысы және педагогтің жазбаша түріндегі (дәптерлеріне немесе күнделіктеріне) немесе ауызша ұсыныстарына мониторинг өткізу үшін жүргізіледі.

Бағалау – бұл үздіксіз процесс. Оған мұғалімдер, білім алушылар, атааналар, әкімшілік /мектеп әкімшілігі/ қатысуы қажет.

Формативті бағалау түрінің ажырамас бөлігі бақылау және құжаттама болып табылады. Бақылаудың формальды және формальды емес түрлері бар.

Бейресми бақылау барлық уақытта сабақтарда арнайы фокуссыз-ақ жүреді. Формалды бақылау – мұғалім өзіне қадағаланатын сол немесе өзге де дағдылар қаншалықты дамығанын көру мақсатын қояды.

Формативті бағалау білім алушылардың оқу процесінде білімді меңгеру және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау қызметін атқарады, білім беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғалім кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізеді.

Кері байланыстың формаларын, түрлерін мұғалім өзінің жинақталған тәжірибесін пайдалана отырып, өз қалауы бойынша таңдайды. Бұл ретте кері байланысты ұсынудың оң және дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жөн.

Формативті бағалау жүргізу алдында білім алушыларды оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Білім алушыларға тапсырманы орындау кезінде не нәрсеге назар аудару қажеттігі түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің маңызын түсіндіру керек.

4-кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері, сондай-ақ қалыптастырушы және жиынтық бағалау кезінде бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған.

 

4-кесте - Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері

 

Дағдылар

Сипаттама

Білу

Нақты дәлелдерді, ақпараттарды және олардың

сипаттамаларын білу және еске түсіру

Түсіну

Дұрыс есінде жаңғырту арқылы түсінуін, болжамы немесе ақпаратты интерпретациялауды көрсету

 

Қолдану

Ақпаратты және бұрын алынған білімді жаңа немесе таныс емес жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану

Талдау

 

 

 

 

Ақпараттық материалды құрамдас бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, себептерді немесе мотивтерді, ой-тұжырымдарды анықтау жолымен әртүрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерттеу, және/немесе жалпы ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу.

Синтез

Жаңа контексте бұрын алынған білімнің әртүрлі бөліктерін қайта құру қабілетін көрсету

Бағалау

Белгілі бір критерийлер бойынша идеялар немесе фактілердің маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру

 

Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру ерекшелігін ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады.

Төменде ойлау дағдыларының барлық деңгейлерін дамыту бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін пайдаланылатын етістіктер кестесі берілген (5-кесте).

 

5-кесте – Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы

 

Р/с

Ойлау дағдыларының

Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін етістіктер тізбесі

 

деңгейі

 

1

Білу

Санап шығу, есте сақтау, айту, көрсету, қайталау, аяқтау, жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.

2

 

Түсіну

 

Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау, тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т. б.

3

 

Қолдану

Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент өткізу, иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау, аздап жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б.

4

 

Талдау

Талдау, топтастыру, есептеу, категориялау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, талқылау, ажырата, айыра, зерттеуге, тәжірибе, түсіндіру, шығару, реттеу, күмәндану, анықтау, таңдау, бөлу, тексеру және т. б.

 

5

 

Синтез

Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу, өзгерту-модификациялау, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтау, көшіріп жазу, орнату, анықтап алу және т.б.

6

Бағалау

Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру, дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, өлшеу,, алдын ала болжау, реті бойынша бөлу, ұсыну-ұсыныс жасау, бөліп/атап көрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, экспертиза жасау, рецензиялау, зерттеу, алып шығу.

 

Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады.

Формативті бағалауда мұғалім топтардағы жұмысты белгілі бір дағдыларды бағалаудың тиімді әдісі ретінде пайдалана алады.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын бақылайды және тыңдайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсаттарының жетістіктерін тез көрсете алады.

Бұдан әрі мұғалім оқыту мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатын білім алушыларды тағы бақылауы қажет және оларға қосымша сұрақтар қою керек.

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың жұмысын бақылауы тиіс.

Сонымен, формативті бағалау бес негізгі стратегиялардан тұрады:

  • күтілетін нәтижелер мен бағалау критерийлерін түсіндіру;
  • сыныпта түсінгендерін куәландыратын тиімді талқылаулар мен өзара ісәрекеттер қалыптастыру;
  • білім алушыларды нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратын кері байланыс ұсыну;
  • білім алушыларды өзара оқыту көздері мен ресурстары ретінде тарту; -білім алушының өз білімін «жасаушы» ретінде қалыптасуы.

Формативті бағалау кезінде мұғалім бағалауда жеке тәсілдемені ескеруі тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдысын дамыту үшін көп уақыт қажет екенін көрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша бағалауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек.

Мұғалімге сондай-ақ, тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрін бағалау қажеттігін есте сақтау маңызды: тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылым.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тапсырмаларын мұғалімдер өз бетінше әзірлейді немесе ұсынылған жинақтарды пайдалана алады. Формативті бағалау бойынша есеп беру құжаты болуының қажеттілігі жоқ.

Формативті бағалау кезінде мұғалімнің өзі білім алушылардың санын және кері байланыс жиілігін анықтайды.

Формативті бағалаудың нәтижелерін тіркеу формасын мұғалім өзі (сандық, графикалық, балдық) дербес анықтайды. Формативті бағалау нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды.

Білім алушылар үлгерімінің ағымдағы мониторингі мұғалімдердің тоқсан аяқталғаннан кейін оқу материалының оқу мазмұнын анықтау мен түзету және бөлімдерді зерттеу (ортақ тақырыптар) үшін жиынтық бағалау түрінде жүзеге асырылады.

Білім алушыларға өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес белгілі бір дағдыларды дамытуға, сондай-ақ мұғалім білім алушылардың жұмысын объективті бағалауға мүмкіндік беру үшін тапсырмалар әртүрлі және жеткілікті болуы керек.

Үйге берілген тапсырмалар жеткілікті және ұсынылған көлемінен аспайтындай болғаны жөн. Аталған тапсырмалар алған білімін бекіту және ойлау үшін қажет. Мұғалім зерттелген құбылыстардың ішінде ұқсастықтар мен келіспеушіліктерді анықтайтын, сондай-ақ кеше немесе бұрын өткенді салыстыру тапсырмаларын бере алады.

Тапсырмалар белгілі бір критерийлер бойынша балдармен өлшенетін жұмыспен аяқталуы тиіс.

Бөлім/ортақ тақырыптарға арналған жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдары қойылады.

Білім алушылардың бөлім мен тоқсан бойынша жиынтық жұмыстары (БЖБ мен ТЖБ) білім беру ұйымдарында жыл бойы сақталады және білім алушы басқа мектепке ауысқан жағдайда, құжаттарымен бірге берілуі мүмкін.

БЖБ максималды балын, БЖБ өткізу түрі (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңесі немесе мұғалімнің өзі анықтайды. Бұл ретте БЖБ бойынша алған ең жоғарғы көрсеткіш 1-4-сыныптарда 7-ден төмен және 15 балдан артық емес, 5-11 (12)сыныптарда 7-ден төмен және 20 балдан артық болмауы тиіс.